×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

1«А»-дан 1«Ы» сыныбына дейін: биыл оқушылар тағы мектепке сыймай қалмай ма

25.07.2023, 11:08
sputnik.kz

Бұл сұраққа бүгін үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрден журналистер биыл мектептерде қандай әріпке дейін бірінші сыныптар ашылуы мүмкін екенін сұраған. Бейсембаев «менде қазір мұндай ақпарат жоқ» деп жауап берді.

«Бірінші сынып «Ы»-ға дейін бола ма, одан басқа ма?.. Екі жыл бұрын солай еді. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл сайын жаңа мектептер салынады. Биыл жалпы 130 мың орындық 100-ден аса мектеп беріледі деген жоспар бар. Сыныптарды нөмірлеу мәселесі өзектілігін жойған», - дейді ол.

Айта кетейік, 2021 жылы мектеп жетіспеушілігі салдарынан Ақмола облыстарының мектептерінің бірінде 1 «Ы» сыныбына дейін ашылған еді.

Серіктес жаңалықтары