×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Министр Мусин өз үйінде қандай интернет провайдерінің қызметіне жүгінетінін айтты

25.07.2023, 12:36
Министр Мусин өз үйінде қандай интернет провайдерінің қызметіне жүгінетінін айтты
фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз үйінде интернет пайдалану үшін қандай провайдердің қызметіне жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған. Бірақ кейінгі айда Kcell-дің байланыс сапасы жолға түсе бастады. Сондықтан да қазір Beeline-нан Kcell-ге ауыссам деп ойлап жүрмін», - деп жауап берді министр үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, ол сол жағалауда, EXPO ауданының маңында тұрады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, ол жуырда елорданың кейбір аудандарында интернет сапасының нашар болуы себебін түсіндірген.