×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Министр Мусин: Интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озды

25.07.2023, 10:24
Фото: Ulysmedia.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин үкімет кулуарында интернет сапасы жөнінде журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін таңертеңнен бері астаналықтар ұялы байланыс сапасы нашарлап кеткенін айтысып жатыр. Мұның мәнісін журналистер үкімет кулуарында министр Мусиннен сұраған. Мусин де бұл мәселеден хабардар екен.

«Бүгін мен Кселл басшысына қоңырау шалдым. Ол маған расында да техникалық ақау барын айтты. Алайда оның созылған уақыты 10-15 минут қана екенін ескертті. Қазір түсте бұдан да нақтырақ ақпараттарды білуге тырысамын. Иә, қазір оларда (байланыс операторларында) желіні 3G немесе 4G-ден 5G-ге ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол уақытта қандай да бір техникалық ақаулар болуы мүмкін», - дейді ол.

Мусиннің үкіметтегі журналистермен әңгімесі біршама қызу өткенін атап өту керек. Министр интернет сапасы Қазақстанда басқа елдерден қарағанда жақсырақ екенін айтумен болды. Журналистердің бірі таяуда Өзбекстанда болғанын, ол жақта кез келген жерде интернет жақсы ұстап тұрғанын атап өткен. Алайда Мусин Қазақстан Өзбекстаннан қарағанда интернет жағынан бірнеше позиция жоғары тұрғанын, ал тариф ол елде Қазақстаннан қарағанда қымбатырақ екенін жеткізді.

«Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса демек біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?» - дейді Мусин.

Серіктес жаңалықтары