×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар саны қанша

25.07.2023, 16:23
Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар саны қанша
фото: ашық дереккөзден

Елімізде 10,5 мың адам туберкулезден емделіп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Мәжіліс депутаттары сауалына берілген жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша туберкулезден 10 587 адам емделуде, оның ішінде 7987 пациент амбулаториялық көмек алуда. Бұл 75 пайызды құрайды. Пациенттер туберкулезге (15 атауы бойынша) және зеңге қарсы препараттармен, витаминдермен, гепатопротекторлармен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кезінде жағымсыз құбылыстардың алдын алу мақсатында оларды қабылдағаннан кейін күн сайын пациенттердің жай-күйіне мониторинг жүргізіледі және ай сайын зертханалық-диагностикалық зерттеп-қарау жүргізіледі», - деді Тамара Дүйсенова жауабында.

Оның атап өтуінше, туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауға асқынулар немесе жағымсыз құбылыстар анықталған жағдайда, амбулаториялық емдеудегі пациенттер денсаулық жағдайы мен әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, фтизиопульмонология орталықтарына жатқызылады не жағдайы тұрақтанғанға дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының күндізгі стационарларында стационарды алмастыратын ем алады.

«Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына сәйкес (2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен бекітілген) амбулаториялық емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастар фтизиопульмонология орталығының орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының шешімі бойынша жұмысқа немесе оқуға жіберіледі. Сонымен қатар амбулаториялық емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын адамдар жергілікті бюджеттен барлық жерде дерлік әлеуметтік көмек алады. 2022 жылы әлеуметтік көмек көлемі 2 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында "белгісіз ауруға" байланысты тексеріс күшейтілгені хабарланған.