×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы тауларында ескертуді елемей от жаққандар 5 млн теңге айыппұл арқалады

25.07.2023, 17:12
Алматы тауларында ескертуді елемей от жаққандар 5 млн теңге айыппұл арқалады
фото: ашық дереккөзден

Алматы тауларында от жаққан 100 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов айтты.

Оның сөзінше, таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында 90-нан астам бірлескен рейд жүргізілген.

«Рейд барысында 7 мыңнан астам демалушыға жадынама таратылды. 170 - тен астам от жағу фактісі тоқтатылды, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам сомаға 100 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.

Департамент өкілінің сөзінше, күн райына байланысты Алматыда өрт қаупі сақталып отыр.

«Жаз табиғи өрттің пайда болу қаупі айтарлықтай артатын уақыт екені бәріңізге белгілі. Олар қоршаған ортаға, экономикаға және адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Ауа райы болжамына сәйкес, шілде айының соңында температура 40 градусқа дейін көтерілетін ыстық ауа райы күтіледі. Бүгінде «Қазгидромет» 2023 жылғы 23 шілдеден бері төтенше өрт қаупін сақталатынын айтып, шұғыл ескерту жасап жатыр», - дейді Данияр Жүсіпов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысындағы дала өртіне байланысты 3 ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды. Атап айтқанда, Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында қауіп деңгейі жоғары болып тұр.