×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Оның бәрі боттар»: Досаев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді

26.07.2023, 12:12
«Оның бәрі боттар»: Досаев отставкаға кетпейтінін мәлімдеді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласының тұрғыны шаһар басшысы Ерболат Досаевтан «отставкаға кетесіз бе?» деп сұрады. Тұрғынның айтуынша, Досаевтың кеткенін талап ететін петицияға 57 мыңнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл сұраққа жауап берген Досаев петицияға «боттар қол қойып жатқанын, жалпы шешімді тұрғындар емес, президент қабылдайтынын» атап өткен.

«Бұл жерде бәлкім боттар жұмыс істейтін болуы керек. Петицияға қарасам, ол жерде ЖСН нөмірін, тегін көрсетпейтіндер де жүр. Тұрақты түрде көтеріліп жүрген мәселелерді назарда ұстап отырмын, уәде беріп қана қоймай, үлкен жұмысты да атқарып жатырмыз. Қала – тірі механизм іспеттес, күнде бірдеңе болады. Маған әкім ретінде сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Бірақ мені бұл қызметке мемлекет басшысы тағайындады, шешім қабылдайтын да сол», - дейді Досаев.

Еске сала кетсек, Досаевтың отставкасын талап еткен петицияға қарсы Ресейден боттар дауыс бергені хабарланған еді. Ол боттар әкімнің отставкасы жаппай қарсы дауыс берген.