×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«АрселорМиттал Теміртауда» халықаралық сарапшылар экоаудит жүргізіп жатыр

26.07.2023, 12:21
Коллаж: Ulysmedia.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-та экологиялық аудит жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Әлихан Смайылов бірқатар министрлік басшыларының, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәселелері бойынша кеңес өткізді.

“Кеңес барысында кәсіпорынға экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудит жүргізу барысы туралы ақпарат берілді. Бұл жұмыс халықаралық консультанттардың қатысуымен жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр  3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 4 жұмысшысы қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Содан бері монополистің жұмысы жіті тексеріліп жатыр.

Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртауға» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынғаны хабарланған.

 

 

Серіктес жаңалықтары