×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Қазақстан Ресейдің жолсерігіне айналғанын қаламаймыз": көршімен заңсыз саудаға тоқтам бар ма

26.07.2023, 13:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясымен импорт пен экспорт бойынша заңсыз мәмілелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаевтан Ресейден заңсыз импорт пен күмәнді экспортпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

БАҚ өкілдері құны 1 млрд теңгелік Ресей бидайы Қазақстандық өнім ретінде Орталық Азия елдеріне тасымалданғанын еске салды.

Заңсыз экспорт Павлодар облысында да анықталды, онда бизнесмендер Ресейден Қазақстанға ресми шарттар бойынша тауарлар әкеліп, бидайларын Ауғанстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда қазақстандық өнім ретінде сатқаны анықталды.

Саудабаев бұл мәселе қазірдің өзінде шешіліп жатқанын түсіндірді, мысалы, кеденде ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжаттар) ресімдеу міндеттелген.

- Сондай-ақ, қазір бағаның ең төменгі деңгейін қолдану мәселесі пысықталуда. Шекарада барлығы толығымен тексеріліп, бақыланады", – деді ол.

Күмәнді экспорт

Сондай-ақ, журналистер шенеунікке қазір батыс елдерінде өндірілген тауарлар Қазақстаннан Ресейге белсенді түрде жеткізіле бастағанын айтты. Тілшілер департамент басшысына біздің ел осындай мәмілелерден қандай да бір пайда көре ме деп сұрады.

Саудабаевтың айтуынша, МКК Қазақстанның Ресей Федерациясына жеткізілетін осындай тауарлардың "жолсерігіне" айналғанын қаламайды.

- Иә, шынында да, бізде тауарлардың белгілі бір кодтары бойынша өсім бар, Ресей Федерациясына тасымал көп. Біз бәрін толық бақылап отырмыз. Біз еліміздің көрші елге жолсерік болғанын және санкцияларға ұшырағанын қаламаймыз. Барлық мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуде, - деп жауап берді Саудабаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Қырғызстанға қатысты шектеулер енгізгені жазғанбыз. Ақ үй қырғыз елі арқылы Ресейге санкциялық өнімдер, соның ішінде қытайлық дрондар жеткізіледі деп есептейді.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

 

Серіктес жаңалықтары