×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

АҚШ Ресейге көмектескені үшін Қырғызстанға санкция салмақ

19.07.2023, 13:04
RFE/RL

АҚШ Қырғызстанға қатысты шектеулер енгізуге дайындалып жатыр. Қырғыз елі арқылы Ресейге санкциялық өнімдер, соның ішінде қытайлық дрондар жеткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

АҚШ президенті әкімшілігінің шенеуніктері хабарлағандай, Қырғызстанға қарсы санкциялар шілде айының соңына дейін енгізілуі мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда компаниялар қара тізімге енгізілетін.

Ресей әскерлерінің Украинаға қарсы соғысы басталып, мемлекетке санкциялар салына басталғаннан кейін Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы қалыптан тыс өсті. Осы елдер аумағы арқылы, соның ішінде Қырғызстан арқылы Ресейге тікелей экспорттауға тыйым салынған өнімдер жеткізіледі деп болжануда.

Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігі елдің заңсыз саудамен күресуге қатаң міндеттеме алғанына сендірді. Дипломаттар Ресейден тауар айналымының өсуін шекарадан өтетін тауарларды бақылау жүйесін жетілдірумен байланыстырды. Елшілік сонымен қатар Ресей Федерациясы елдің негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін және оның аумағында 1 миллионға жуық қырғызстандық тұратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Украина қазақстандық компанияларға санкция салған болатын.

Серіктес жаңалықтары