×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Төтеншеліктер алматылықтарға ескерту жасады

26.07.2023, 15:24
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Алматыда алдағы күндері күннің қатты ысуы мен жаңбыр, найзағай және жел туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің 26 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматыда 27 шілде күні ауа райы 37-39 градусқа жетіп, 28 шілдеде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілетінін хабарлайды. Осыған орай ТЖД ескерту жариялады.

«Батыс жақтан соғатын қатты жел екпіні секундына 18 -23 метрге жетеді. Қатты жел кезінде автокөлікті ағаштардың, электр желілері мен басқа да әлсіз бекітілген құрылымдардың астында қалдырмауды сұраймыз. Тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз. Себебі электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін»,- деп ескертті Алматы қалалық ТЖД.

Төтеншеліктер балаларды автокөліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары