×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түрмеде аштық жариялаған Саакашвилидің денсаулығы жайлы белгілі болды

11.10.2021, 15:00
Түрмеде аштық жариялаған Саакашвилидің денсаулығы жайлы белгілі болды
фото: Ашық дереккөзден

Грузия билігі саясаткердің денсаулығы қандай екенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Грузия экс-президенті Михаил Саакашвилидің халі қанағаттанарлық, ал саясаткер халінің нашарлағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, дейді РБК Грузия әділет министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Саакашвили өзінің барлық дәрісін ішіп жатыр, ал оның денсаулығын түрменің медицина қызметкерлері тұрақты түрде бақылап отыр.

«Ең маңызды көрсеткіштер нормада тұр. Дәлірек айтсақ, қысым - 120/90; пульс - 90; қанның өттегімен қанығуы – 97», - деп нақтылады министрлік.

Еске салсақ, Саакашвили 1 қазанда Отанына оралғаннан кейін ұсталды. Осыдан кейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили бірқатар қылмыстық іс бойынша сотталған елдің бұрынғы президентін кешіру туралы шешім қабылау мүмкіндігін жоққа шығарды.

Өз кезегінде Саакашвили аштық жариялап, украиналық консулмен кездесуді талап етті.