×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстандағы медицина ұйымдарының кредиттік қарызы 87 млрд теңгеге жетіп жығылды

27.07.2023, 13:49
sputnik.kz

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қор мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша борыштық жүктеме шамамен 87 млрд теңгені құрайды. Оның 4,4 млрд теңгесі Қызылорда облысының 20 мемлекеттік медициналық ұйымына тиесілі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметовтің айтуынша, бұл мәселені шешу қордың тікелей құзырына кірмейді. Бірақ ӘМСҚ-ның тарапынан көмек көрсетіледі. Шілде айының соңына дейін барлық өңірлерге шамамен 60 млрд теңге қосымша қаржы бөлу жоспарланған. Оның 5,2 млрд теңгесі медициналық ұйымдар арасында бөлу үшін қордың Қызылорда облысындағы филиалына жіберіледі.

Қор басшысының сөзіне қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі қазірдің өзінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, eDensaulyq бірыңғай платформасы дайындалып жатыр. Ол 2024 жылдың қаңтарына дейін іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ медициналық көмектің аса маңызды бағыттарының жекелеген түрлері бойынша тарифтерді қайта қарау жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары