×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Дамаскіде мешіт маңында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

28.07.2023, 08:34
Фото: дереккөзден

Дамаскінің оңтүстігінде мешіт аумағында бомба орнатылған көлік жарылды. Кем дегенде 5 адам қаза тауып, 46 адам жараланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Al Ikhbaria телеарнасына сілтеме жасап.

Сирия денсаулық сақтау министрі Хасан әл-Габбаштың дерегінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар да бар.

Лаңкестік әрекет Сейида-Зейнаб мешітінің аумағында жасалған, жарылғыш зат таксиде болған.

Медициналық ақпарат көздерінің айтуынша, бірнеше зардап шегушінің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін ескерсек, зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Серіктес жаңалықтары