×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Талдықорғанда 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабы берілмеген

28.07.2023, 12:16
фото: ашық дереккөзден

Талдықорғандағы перзентханалар 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабын бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтады.

«Заңға сәйкес, жаңа туған баланың анасына дәріхана қорапшасы берілуі тиіс. Алайда, аталған мекеме 2023 жылы бұл талапты орындамаған. Прокуратураның араласуынан кейін 673 баланың анасы дәріхана қорапшасымен қамтылды»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұндай олқылыққа жол берген жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды.

Айта кетсек, бұған дейін Астанада мұқтаж азаматтарға автобустарда тегін жүруге арналған карточкалар берілмегені хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары