×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қытай Украинадағы ресейлік армияға жанашырлық таныта ма

29.07.2023, 15:58
РИА

АҚШ барлау қызметі Қытайдың Украинадағы ресейлік армияны қамтамасыз етуі ықтимал деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz euronews сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, Бейжің «Ресейдің әскери операцияларында барған сайын маңызды тірекке айналуда және Мәскеуге Украинада қолданылатын негізгі қос мақсаттағы технологиялар мен жабдықтарды жеткізуі ықтимал».

Қытайдан жеткізілетін тауарлардың ішінде навигациялық жабдықтар, радиолокациялық детекторлар және жойғыш ұшақтарға арналған бөлшектер бар.

Қытай билігі бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Айта кетейік, Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы екіұшты: Пекин Ресейдің басып кіруін айыптамайды және Мәскеудің Батысқа қарсы көптеген мәлімдемелерін қайталайды, бірақ сонымен бірге Украинаның аумақтық тұтастығына мән беріп, бейбітшілік жоспарын ұсынады.

Бұған дейін Қазақстан Ресейге әскери өнімді жеткізуге тыйым салған болатын.

Серіктес жаңалықтары