×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Түркия Қазақстанға әскери кемелер жасауды үйретеді

31.07.2023, 16:48
фото: дереккөзден

Қазақстан Түркиямен бірлесіп еліміздің әскери-теңіз күштері үшін әскери кемелер жасамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Defence Turk басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түрік мемлекеттік мердігерлері ASFAT және Түркия Қорғаныс министрлігіне қарасты YDA Group және қазақстандық "Зенит" Орал зауыты" АҚ мемлекеттік компаниясы арасындағы келіссөздер аяқталды.

Келісім шеңберінде қазақстандық флот үшін теңіз көліктерін, коммерциялық кемелерді және негізгі әскери кемелерді жобалау мен жасау жоспарланып отыр. IDEF 2023 16-шы халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде Қазақстан инженерлік ғылыми-зерттеу және дамыту орталығы мен Анкарадағы түрік қорғаныс технологиялары Meteksan компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес, ынтымақтастық ұшқышсыз жүйелер бойынша жүзеге асырылады.

ASFAT Inc – Түркияның мемлекеттік қорғаныс мердігері. Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің құзырындағы компания. Ол жобалау, өндіру, техникалық қызмет көрсету, қолдау және оқытуды қамтамасыз етеді. 

Meteksan Savunma – Анкарада орналасқан түрік қорғаныс технологиясы компаниясы, радиолокациялық жүйелерге, периметрлік бақылау жүйелеріне, лазерлік және электрооптикалық жүйелерге, байланыс жүйелеріне, су астындағы акустикалық жүйелерге және тренажерларға маманданған. Ол Түркияның 15-ші ірі өнеркәсіптік тобы және жеке меншік болып табылатын Билкент университеті қаржыландыратын үлкен конгломерат Bilkent Holding құрамына кіреді.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі түрік компаниясымен бронды техниканы сатып алу туралы келісім жасасқаны туралы ақпарат тарауына байланысты қоғам қайраткері Айбек Барысов Қазақстан үкіметінің басшысы Әлихан Смайыловқа ашық хат жолдаған.

Серіктес жаңалықтары