Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күзде қант бағасының өсуі мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қант бағасы өседі деп ойламаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал», – деді С. Жұманғарин Үкімет кулуарында.
Ол сондай-ақ қант саласын дамытуға бөлінетін миллиардтаған долларлық субсидиялар туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Біз қазір субсидияларды 25 теңгеден 40 теңгеге дейін арттырдық. Бұл біз қабылдаған жалғыз шара. Қант зауыттары жекенің қолында. Біз оларға ерекше қолдау көрсетпейміз. Бізде қазір Тараз қант зауытын, Меркі қант зауытын сатып алған ресейлік топ, доминант бар. Сіздер мұндай соманы қайдан алғандарыңызды білмеймін. Санау керек", - деді министр.
Еске салайық, бұдан бұрын депутат Серік Егізбаев қант өндірушілерге мемлекеттік қолдауға артқанымен, өндіріс көлемі, керісінше, азайып кеткенін айтқан еді. Оның дерегінше, 2020 жылы отандық шикізат негізінде ішкі сұраныстың 9% қамтамасыз етілген болса, ол 2021 жылы – 7%, ал 2022 жылы - 6% дейін төмендеген.
Сондай-ақ, елімізде қант тұтыну көлемі артқанын хабарлағанбыз.