×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан ресейлік компанияның топ-менеджерін АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты

01.08.2023, 18:02
әлеуметтік желіден

Бұл ақпаратты Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, F.A.C.C.T. (Group-IB жаңа атауы) қызметкері Никита Кислицин Қазақстаннан баспана сұрамайды және Ресей Федерациясына оралғысы келеді, деп жазады "Коммерсант".

Оганов АҚШ-та Кислицинге тағылған қылмыстың мерзімі өтіп кеткенін айтты.

Осылайша, Қазақстан АҚШ-тың ұсталушыны экстрадициялау туралы сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартты.

Бұған дейін Қазақстанда АҚШ-тың сұранысы бойынша ресейлік компанияның топ-менеджері ұсталғаны хабарланған болатын.

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов Никита Кислициннің ұсталуына қатысты түсініктеме берген.

2020 жылы АҚШ Әділет министрлігі Кислицинді өзінің сыбайласымен бірге 2012 жылы Formspring әлеуметтік желісінен ұрлаған деректерді сатуды жоспарлады деп айыптады. Group-IB айыптауларды дәлелденбеген деп атады.

Ресей ІІМ де Кислицинге іздеуде жариялады. Тергеу оны заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу туралы іс бойынша қамауға алуды сұрайды. Кислицин сырттай қамауға алынды.

Кислицин 2006-2012 жылдары ақпараттық қауіпсіздік пен кибершабуылдарды зерттеуге арналған "Хакер" журналын басқарды. 2013 жылдың қаңтарында ол Group-IB-ге жұмысқа орналасты. Кислицин күрделі кибершабуылдарға қарсы кешенді шешімдерді әзірлеу бөлімін басқарады.

Group-IB негізін қалаушы Илья Сачков мемлекетке опасыздық жасау туралы қылмыстық іс бойынша қамауға алынды. 

Серіктес жаңалықтары