×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

СҚО-да шошқа фермасының 4 жұмысшысы қаза тапты

02.08.2023, 10:12
көрнекі фото

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» шошқа кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталысымен мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.

“Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды”, – делінген хабарламада.

Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғандығы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары