×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қарағандыда экологтардың ескертуін пысқырмаған кәсіпорынның ісі сотқа жіберілді

02.08.2023, 15:39
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласындағы кәсіпорынға экологиялық талаптарды орындамағаны үшін айыппұл салынды, деп Ulysmedia.kz.

Қала тұрғынының шағымы негізінде экологтар "Олжас" ЖШС кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша ақаулы жабдықты пайдаланғаны және кәсіпорынның іргелес аумағында жойылмаған медициналық қалдықтарды жинақтағаны анықталып, жалпы сомасы 310 500 теңгеге екі айыппұл салынды.

"Барлығы екі тексеру жүргізілді. Екінші тексеру кезінде бұйрыққа сәйкес шешілуі керек бұзушылықтар жойылмаған. ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама жасалып, материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды", - деп хабарлады облыстық экология департаменті.

Сондай-ақ, департамент бұзушылықтар жойылғанға дейін кәсіпорынның пеш-инсинераторын пайдалану бөлігінде қызметін тоқтата тұру талабымен сотқа тексеру материалдарын жіберді.

Айта кетейік, бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-та халықаралық сарапшылардың қатысуымен экологиялық аудит жүргізіліп жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары