×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Алматыдағы "Апорт" сауда орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды

02.08.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Алматы маңындағы ірі сауда ойын-сауық орталығына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгерлердің сөзінше, түстен кейін Қарасай ауданындағы "Aport Mall" сауда-ойын сауық орталығынан адамдар жаппай эвакуациялана бастаған. Автотұрақтағы көліктер жедел таратылып, орталық аумағына кіруге шектеу енгізілген.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Апорт» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарлама түскенін растады.

Оқиға орнында полиция мен мамандандырылған қызметтер жұмыс істеп жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта саперлар ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сондай- ақ, бомба туралы хабарлаған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіле бастады», - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары