×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тәліптерге Қазақстанда сауда өкілдігін ашу ұсынылды

03.08.2023, 08:16
Тәліптерге Қазақстанда сауда өкілдігін ашу ұсынылды
Фото: gov.kz

Бұл туралы  ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі Алхадж Нұриддин Азизидің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесуде Серік Жұманғарин сәуір айында Кабулға сапары кезінде тараптар елдер арасындағы тауар айналымының көлемін $1 млрд-тан $3 млрд-қа дейін ұлғайту міндетін қойғанын атап өтті.

«Қазақстандық компаниялардың Кабулға соңғы сапарының қорытындысы бойынша біздің энергетикалық сусындарымыз, ұн өнімдері, минералды тыңайтқыштардың алғашқы жөнелтілімі болды, күнбағыс майына да қызығушылық бар. Ауғанстаннан импортта ауылшаруашылық өнімдерімен қатар тоқыма бұйымдары пайда болды. Белсенділік танытатын жұмыс бағытымыз бар», — деді Серік Жұманғарин.

Ынтымақтастықты жандандыру үшін ауған тарапына Герат қаласындағы Қазақстанның сауда үйінің әлеуетін пайдалану және Қазақстанда өзінің сауда өкілдігін ашу ұсынылды.

“Қазақстан отандық компаниялардың Ауғанстанда, әсіресе көлік, тау-кен, телекоммуникация және ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын басқа да экономикалық жобаларға қатысуын қарастыруда. Атап айтқанда, биыл сәуір айында қазақстандық делегацияның Кабулға сапарынан кейін «Қазақтелеком» АҚ Ауғанстанға коммерциялық негізде талшықты-оптикалық интернетті жеткізуге ауған тарапымен келісімшартқа қол қойды. Қазақстан мен Ауғанстан білім беру бағытында да ынтымақтасады. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ауғанстанның 130 студенті білім алуда. Серік Жұманғарин қызығушылық танытқан жағдайда Қазақстанда Ауғанстаннан келген студенттердің санын көбейтуді ұсынды”, – делінген үкімет хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын Ауғанстан делегациясы келді.

Бұдан бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш Ауғанстанның Қазақстан үшін қандай қауіп төндіретінін, оны қалай болдырмауға болатынын және біздің еліміз неге тәліптермен ынтымақтасуды жөн көргенін түсіндірген.

Вице-министрдің сөзінше, Талибан –  террористік ұйым емес .

- Егер бұл мәселені халықаралық құқық тұрғысынан қарастыратын болсақ, Талибан террористік ұйым емес. Егер санкция режимінің ережесін негізге алсақ, БҰҰ Қауіпсіздік орталығының санкциялар тізімінде осы қозғалыспен аффилиирленген 135 мүше мен тұлға барын айта аламын, бұл ретте ұйымның өзі бұл тізімге енбеген.

Талибан – әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тыйым салынған радикалды діни-саяси әскерилендірілген қозғалыс. Талибан Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы американдық әскерлер Ауғанстаннан шықты, кейінірек ұйым шабуылға шығып, мемлекетті өз қолына алды.