Еліміздің тау-кен өндіру саласындағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 63,8%-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Салада жетінші жыл қатарынан тозудың 60%-дан жоғары деңгейі сақталып келеді. Мамандардың есебінше, 2008 жылдан бастап тозу деңгейі 1,6 есе өсті.
Шамасы, мұндай жағдайға үнемдеу себеп болса керек. Тау-кен кәсіпорындары жаңа ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалануға беруге аз ақша жұмсайды – бір сөзбен айтқанда, негізгі құралдарға қатысты барлық нәрсеге көп қаржы салынбайды. 15 жыл ішінде тиісті коэффициент үш есеге жуық қысқарды – 22,8%- дан 8,5% - ға дейін, – деп түсіндірді Бірінші кредиттік бюро сарапшылары.
Тау-кен өндірісіне қарағанда, жабдықтың тозу жағдайының мүшкілдігі тек электр және жылу энергетикасы саласында байқалады. Аталмыш салаларда бұл көрсеткіш 72,3% құрайды.
Еске салайық, 3 шілде күні МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.
МАЭК қызметкерлері сәуір айында кәсіпорында жабдықтардың тозғанын айтқан. Ulysmedia тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен неге бұл ескертуді ешкім елемегенін сұрады.
Министр МАЭК-тегі жағдайдың күрделі екенін растады. Онда толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржыландыру жеткіліксіз болған.