×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Жағдайы қорқынышты": Алматы облысында тағы бір лагерден шу шықты

03.08.2023, 10:39
Instagram/tdk_live

Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Альтаир" балалар лагерінде демалып жатқан балалардың ата-аналары шу көтерді. Олар демалыс орнындағы жағдайдың нашарлығына шағымданып, балаларын алып кетуге мәжбүр болғандарын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ата-аналардың сөзінше, лагерде балаларға жағдай мүлдем қарастырылмаған. Мекемеде тамақ нашар, дәретхана, душ жұмыс істемейді.

"Кеше түнде қызым шақырған соң алып кеттім. Жағдайы қорқынышты, тағамы шала піскен, бала тарақандары бар казармалық бөлмеде тұрған. Душ қорқынышты, дәретхана сынған - сусыз", - деді ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде.

Лагерь Қарасай ауданындағы Бекболат ауылында орналасқаны белгілі болды. Онда облыстың балалары емес, басқа өңірлерден келгендер демалуда. Облыстық білім басқармасы демалыс орнын прокурорлар тексеруге кіріскенін мәлім етті.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылардың сауна аумағына орналастырылғаны анықталған еді.

Қала әкімдігі қызмет көрсетуші компанияны сотқа беретінін мәлім етті.

Сондай-ақ, бұған дейін Ақмолада лагерлер аумағынан ішімдік бөтелкелері, темекі бумалары және қару табылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары