×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жамбылда 2 бала бассейнге батып кетті

03.08.2023, 11:21
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Меркі ауданында демалыс орнында кәмелетке толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 18:58-де Меркі ауданы Меркі ауылы Исмаилов көшесі 200 «Б» мекенжайында орналасқан «Big Family» демалыс аймағының аумағында болған.

«Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағының құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте 10 жасар бала әкімдік маңындағы субұрқаққа батып кеткен.

Ал 1 тамызда төрт жасар бала Талдықорған қаласындағы отбасылық демалыс орталығының бассейніне құлап, мерт болды.

Серіктес жаңалықтары