2023 жылғы қаңтар-маусымда елімізде 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі биылғыдан 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).
Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).
Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.
Айта кетсек, бұдан бұрын "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектерге үстеме бағаны өзгертуді ұсынған. ЖШС үстеме бағаның өсуі дәріханалардағы бағаларға әсер етпейтініне сендіріп отыр. Жүктеме өндірушіге немесе дистрибьюторға түсуі мүмкін.