×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Мемлекетке миллиардтаған теңгенің кен орындары қайтарылды

03.08.2023, 14:39
фото: ашық дереккөзден

Алтын, көмір, темір, мыс, көмірсутектер кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет шарт талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

“Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес уәкілетті органдар 118 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 19 келісімшарт) және қатты пайдалы қазбалар (ПҚҚ) бойынша 245 лицензияны (2023 жылдың басынан бері – 42 лицензия), сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 15 лицензия) бұзды”, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде алтын, көмір, темір, мыс, көмірсутектер, бокситтер, полиметалдар және т. б. кен орындары мемлекеттік қорға қайтарылды, олар кейіннен жаңа инвесторларға беру үшін ашық аукционға шығарылады.

“Бұл жер қойнауын пайдалану саласында қосымша инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде 2023 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне 1,5 млрд теңге көлемінде қол қою бонусы төленді. Бұл ретте көмірсутегі шикізатын барлау бойынша жаңа инвестициялар 15,7 млрд теңгеден асады”, – деп түсіндірді ведомство.

Бұл ретте уәкілетті органдар қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осылайша, мемлекет есебіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 934 млн теңге айыппұл өндіріліп, көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,94 млрд теңге берешек өтелген.
 

Серіктес жаңалықтары