×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Алматыда ыстық су өшірілді

04.08.2023, 09:02
фото: ашық дереккөзден

Алматыда Медеу, Алатау аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 4 тамызда сағат 09.00- ден 20.00- ге дейін Медеу ауданының аумағында Сәтбаев – Достық-Тайманов-Назарбаев көшелерінің контурында, сондай-ақ Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда ыстық су болмайды. 1Жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз1, - деп мәлім етті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Сондай-ақ Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады.

«7-21 тамыз аралығында «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алатау ауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарды ыстық сумен жабдықтау шектеледі», - делінеді хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын “Медеу” ауданы тұрғындарына су кестемен берілген.

Серіктес жаңалықтары