×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жетісу кәсіпкерлеріне миллиондап заңсыз салық салынған

04.08.2023, 09:22
kursiv.media

Жетісу облысында бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға қате төленген салықтар кәсіпкерлерге қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылған.

Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған.

“Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер Департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді, қалған 74 кәсіпкер бойынша сомалар міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген.

 

Серіктес жаңалықтары