×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген

19.06.2023, 08:01
gov.kz

Мемлекеттік органдар бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасап, нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкіметте өткен жиында айтылды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге қойылатын негізсіз талаптарды жоюға арналған заңнамалық актілерге 386 түзетуден тұратын бірыңғай пул қалыптастырылған. Жақын арада оларды Парламенттегі Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасына (9 пакет) қосу жоспарланып отыр.Сонымен қатар мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерге сәйкес талаптардың күшін жоюды және қайта қарауды іске асыруда.

Премьер-Министр реттеуші талаптардың күшін жоюға немесе оларды қайта қарауға бағытталған заңға тәуелді актілер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті: 625 құқықтық актінің 513-і қабылданды. Сонымен қатар 112 құқықтық акті бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Осы орайда Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне аталған жұмысты 30 маусымға дейін аяқтауды тапсырды.

«Салалық бұйрықтар белгіленген мерзімде қабылданбаған жағдайда, Үкімет Аппараты саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті ұсынымдар енгізсін», — деді ол.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында былтыр бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазіргі таңда тағы 35 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Автоматты функционалдығы бар Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын. Ол қазіргі уақытта жұмыс апробациясынан өтуде.Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылдан бастап іске қосылады.

 

 

Серіктес жаңалықтары