×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Ғалымжан Есенов Kcell-дің ірі акционері атанды

04.08.2023, 11:20
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бизнесмен Ғалымжан Есенов Kcell ұялы байланыс операторының акционері болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Биылғы 28 шілде күні Ғалымжан Есенов эмитенттің (Kcell – ред.) 10% және одан да көп қатысу үлесін иеленетін акционері атанды. Ал Pioneer Technologies S.A.R.L. акционерлер қатарынан шығып қалды", - делінген құжатта.

1 шілдедегі жағдай бойынша jk Pioneer Technologies S.A.R.L. Kcell акцияларының 14,87%-ына, "Қазақтелеком" – 51%-ына, "First Heartland Jusan Bank" АҚ –  9,08%-ына және "БЖЗҚ" АҚ – 7,06%-ына иелік етті.

Есенов lәл қазір ол First Heartland Jusan Bank-тің 20,11%-ына иелік етеді.

Ол бизнесмен академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының негізін қалады. Есенов 2018 жылдан 2021 жылға дейін "Қазфосфат" ЖШС Байқау кеңесінің жалғыз иесі – төрағасы және 2013 жылдан 2020 жылға дейін "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған. Еңбек жолын 2002 жылы "Golden Grain" АӨК-де ЖЖМ техникасын пайдалану және жабдықтау департаментінің менеджері қызметінен бастады. Бес жыл (2015 жылдан 2020 жылға дейін) ҚР Шахмат федерациясының президенті болды. Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 2023 жылғы ең бай бизнесмендерінің тізімінде 18-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары