×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ақмолада «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының басшысы ұсталды

04.08.2023, 12:07
ҰҚК

Ақмола облысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған адам Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

“Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Семейде «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталған.

Серіктес жаңалықтары