×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Абайдағы алапат өрт: Бас прокуратура тергеу жайлы айтуға неге құлықсыз

04.08.2023, 18:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

“Семей орманы” резерватындағы өртке байланысты қозғалған қылмыстық іс қалай тергеліп жатыр? Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке осы сұрақты қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Шындалиев жүре тілшілерді тыңдап, ол іске қатысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

“Мен бұл мәселеге жауап бермеймін. Баспасөз қызметіне жүгініңіздер. Іс басқа прокурорлардың бақылауында”, – деді де кетіп қалды.

Егер Бас прокуратураның сайтына жүгінетін болсақ, онда Шындалиевтің міндеті – мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын қадағалау деп көрсетілген.

Бұл сұраққа ол түсініктеме бере алмаса, басқа кімге жүгінуге болатыны белгісіз.

Еске салайық, “Семей орманы” аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары