«Шахтинская» шахтасында ұңғыманың үстіңгі жағын үңгіп қазу барысында үйінді құлап, проходчикті жарақаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"УПР-1 учаскесінің жұмысшылары алғашқы көмекті көрсетіп, ол шахтадан сыртқа шығарылды. Жедел жәрдеммен Қарағандыдағы Мақажанов атындағы емханаға жеткізілді", — деп хабарлайды АМТ.
Еске салайық, Арселор Миттал Теміртау компаниясында жалпы мұндай жайттар жиі тіркеледі. Жарақат алып, тіпті қаза болған жайттар аз емес. АМТ ұнді олигархы Лакшми Митталға тиесілі.