×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ирак билігі Telegram-ды бұғаттап тастады

07.08.2023, 08:10
Ирак билігі Telegram-ды бұғаттап тастады
Фото: Ашық дереккөзден

Ирак байланыс министрлігі елде Telegram мессенджері бұғатталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ирак билігі бұл шешімді «ұлттық қауіпсіздік және азаматтардың жеке деректерінің сақталуы үшін» қабылданған деп түсіндіреді.

Ведомство Telegram басшылығынан ресми мемлекеттік мекемелердегі қолданушылардың жеке деректері мен ақпаратын таратып жіберетін арналарды жоюды сұрағанын айтты. Дегенмен Ирак шенеуніктері компанияның ешбір сұрауға жауап бермегенін айтады.

«Байланыс министрлігі мемлекет пен оның институттарының қауіпсіздігі үшін азаматтардың сөз еркіндігі құқығын сыйлайтынын растайды», - делінген Ирак үкіметінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Telegram Иран мен Қытайда толығымен бұғатталған. Кейде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Ауғанстан, Бразилия, Үндістан, Индонезия елдерінде қосымшаның жұмысы уақытша шектеліп тұрады.