×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жетісу газ құбырын салу кезінде 50 шақырым құбыр «ізім-ғайым жоғалып кеткен»

07.08.2023, 12:44
Фото: Ашық дереккөзден

Жетісу облысының прокуратурасы айыпты лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Газ таратушы желілердің құрылысын жүргізу жобасы барысында Ескелді ауданында заңның бұзылғаны анықталған. Нақтырақ айтқанда, қағаз жүзіндегі жұмыс көлемі мен іс жүзінде асырылған жұмыс мүлде бөлек болып шыққан.

Прокуратураның хабарлауынша, жергілікті билік 75 шақырым құбырдың құжаттамасын әзірлеген. Аалйда жұмыс жобасында бұл сан 26 шақырымға дейін қысқарған. Прокурорлар 50 шақырым құбырдың жоқтығын өзк өзімен көрген.

«Тапсырыс беруші атқарылмаған жұмыс үшін төлеуге дайын болған сома 150 млн теңге. Прокуратураның актісі негізінде тапсырыс беруші негізсіз кіріктірілген жұмысты алып тастап, келісім сомасын азайтты. Айыпты лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды прокуратурадан.

Серіктес жаңалықтары