×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Құлыбаевтың әпкесі мен Шпекбаевтың ұлынан ұрлық жасаған сотталушылардың жазасы сәл ғана жеңілдеді

07.08.2023, 15:05
Фото: Ашық дереккөзден

Апелляциялық сот Қаңтар оқиғасы кезінде Тимур Құлыбаевтың әпкесі мен Антикордың бұрынғы басшысы Алик Шпекбаевтың ұлының үйінен ұрлық жасағаны үшін сотталған Руфат Ахмеджанов пен Аслан Мұхамбаевқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот олардың әрқайсысының мерзімін алты айға қысқарту жөнінде шешім шығарды. Осылайша, Ахмеджанов 10 жыл, Мұхамбаев 10,5 жыл темір тордың ар жағында отыратын болды.

Қылмыскерлердің адамды азаптағаны үшін 5-6 жыл, ал ұрлық жасаған адам 10 жылға сотталатынына қоғам белсенділері наразылық білдірген.

Айта кетейік, Ахмеджанов пен Мұхамбаев қаңтар оқиғасы кезінде Құлыбаевтың әпкесі мен Шпекбаевтың ұлының үйін тонап кеткені үшін кінәлі деп танылған. Сот отырысына жәбірленушілердің өздері қатыстырылмады.

Сотталғандар ұрлық жасағанын мойындаған, бірақ “қарақшылықпен тонады” деген бапты жоққа шығарады. Сотталғандар ұзақ жазаға ұшырағандарын аты белгілі адамдармен тікелей байланыстырады.

Серіктес жаңалықтары