×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Секірмеуі керек еді": ТЖМ басшысы "Ақкенттегі" өрт кезіндегі дүрбелең жайлы

08.08.2023, 10:16
"Секірмеуі керек еді": ТЖМ басшысы "Ақкенттегі" өрт кезіндегі дүрбелең жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт кезінде терезеден секірген Алматы тұрғындары қауіпсіздік техникасын бұзып, өмірлеріне қауіп төндірді деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, Алматыда 1 тамызда болған оқиғаны зерттеу қажет.

"Ол кезде жергілікті халық дүрбелеңге салынды. Дегенмен біздің өрт сөндірушілер оқиға орнына уақытында келді. Өрт сөндірушілер пәтерге кіріп,  терезеден секірмеген қарт әйелді эвакуациялады. Сол мезетте жас әйелдер секіріп кетті. Егде жастағы әйелді құтқарылды, жастар дүрбелеңге салынып, құтқарушыларды күте алмады", - деді министр үкімет кулуарында.

ТЖМ басшысы азаматтар қауіпсіздік техникасын сақтап, балконға шығып, құтқарушыларды күтуі тиіс еді дейді.

Құрылыс ережелерін бұзатын және өрт сөндірушілер үшін жеткілікті орын қалдырмайтын компанияларға қатысты тексеру мәселесіне келсек, Шәріпханов оқиғадан сабақ алып, мәселені зерделеу және халық арасында көбірек жаттығулар өткізу керектігін айтты.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті  "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде әйелдің қаза болуының мән-жайын айтып берді.

Бұдан бұрын  өртенген тұрғын үй кешенін салған компания мен оның басшылығы жайлы деректерді жариялағанбыз.