×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда өртенген тұрғын үй кешенін салған компания жайлы не белгілі

02.08.2023, 08:18
видеодан кадр

Алматыда ірі өрт болған "Ақкент" тұрғын үй кешенін "Айт Құрылыс Сауда" ЖШС салған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияның басшысы – 47 жастағы түрік кәсіпкері Абдуррахман Зеки Арифиоглу.

Қазақстандағы мансабы:

  • 2006 жыл – "Kazakhstan Ziraat International Bank" ЕБ" АҚ көтерме және бөлшек кредиттеу департаментінің директоры;
  • 2010-2012 жылдары – Kazakhstan Ziraat International Bank Орталық филиалының басшысы, басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2012 жылғы тамыз – 2018 жылғы маусым – Kazakhstan Ziraat International Bank басқарма төрағасы;
  • 2018 жылғы шілде – 2019 жылғы мамыр – Capital Bank Kazakhstan басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2019 жылғы 16 мамыр – 2019 жылғы маусым – басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "AsiaCredit Bank" АҚ Басқарма мүшесі;
  • 2019 жылғы мамыр-2020 жылғы наурыз – "АзияКредит Банк" басқармасының төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың тамызында Capital Bank, AsiaCredit Bank және Tengri bank бірігу процесін бастады. 2013 жылдан бастап Capital Bank (бұрынғы ТАИБ Қазақстан Банкі) жалғыз иесі Орифжан Шадиев болған, ал 2019 жылдың маусым айында ол AsiaCredit Bank-ті Нұрбол Сұлтаннан сатып алған.

47 жастағы Нұрбол Сұлтан – 2012 жылы қайтыс болған жоғары лауазымды шенеунік Сарыбай Қалмұрзаевтың ұлы. 2018 жылы ол "Азия Life ӨСК" АҚ-да 24% үлеске иелік етті және "Меридиан Капитал" ЖШС арқылы "Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС-де үлесі болды. Сол жылы ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің рейтингінде 42-ші орынды иеленді.

2021 жылғы 25 маусымда Capital Bank Kazakhstan банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. Бұдан бөлек, банк бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыра алмайды. Банктің Ұлттық Банк алдындағы жалпы борышы (лицензияны қайтарып алу кезінде) 12,6 млрд теңгені құрады.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейінгі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шекті. Оның ішінде 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары