×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыда уланған екі бала өте ауыр жағдайда жатыр

08.08.2023, 10:53
Қарағандыда уланған екі бала өте ауыр жағдайда жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізден басқа полиция тексеріп, сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Екі бала комада. Түскеннен бері жағдайлары өте ауыр. Барлық дәрігерлер әсіресе, республикалық деңгейдегі дәрігерлер күн сайын қарап, балаларға көмектесуде», - дейді Ажар Ғиният.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған. Уланған балалардың бірі көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

Бұдан бұрын порталымыздың тілшісі нейропсихиатриялық аурулары бар балалар ем қабылдайтын жабық мекемеде не болғанын анықтауға тырысып көрген.