×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қарағандыда балалардың жаппай улануына тамақтың қатысы жоқ – министрлік

01.08.2023, 10:31
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жеткіншектер тамақтан уланбағаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Кеше бізге Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Бұл 12 балаға қазір белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр, яғни уланудың нақты себебі белгісіз. Оны анықтауға уақыт керек», – деді вице-министр Үкімет кулуарында.

Есмағамбетованың сөзінше, балалар ауруханаға 30 шілде кешке қарай түскен. Бір бала көз жұмған. Алты бала жансақтау бөлімінде, бес баланың жағдайы орташа ауыр.

«Бұған дейін тамақтан уланған деген күдік болғанымен, бастапқы тексеру кезінде тамақтан улануға еш қатысы жоқ екені анықталды», - деді ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Қарағанды облысының әкімдігі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану оқиғасының мән-жайын айтып берген.

Серіктес жаңалықтары