Оқу-ағарту министрлігі ел мектептерінде қызмет ететін мұғалімдер санын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазақстан мектептерінде 340 676 педагог жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде еңбек өтілі 10 жылға дейін 147 402 мұғалім бар. Сонымен қатар, 20 жылға дейін — 88 393, ал 20 жылдан астам 104 881 педагог қызмет етіп жатыр", – делінген хабарламада.
Соңғы жылдары елдің бірқатар өңірінде мұғалім тапшылығы артып келеді. Мәселен, Атырау мектептерінде 600-ден астам мұғалім жетіспейді. Әсіресе, математика, тарих пәндерін оқытатындар және бастауыш сыныптартарды оқытатын мамандар қат. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, орыс сыныптарына дәріс беретін 400 мұғалімнің жетіспеушілігі байқалып отыр.