Алматы мәслихатының VII сессиясында қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жолаушылардың көпшілігі үшін жол жүру құны 20 теңгеге өспек. Яғни, қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтер енгізіледі.
Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, ағымдағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді.
"Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд. теңгені құрады", - дейді ол.
Әкімдіктегілер қоғамдық көліктегі жол жүру тарифі тасымалдаушылардың шығындары артық болғаннан кейін үнемі қайта қаралуы керектігін атап өтті.
“Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін қолданатындар үшін жолақысы аздап өседі. "Алматы көлік холдингі" ЖШС деректері бойынша барлық жолаушылар арасынан шамамен 97%-ға жол жүру ақысын "Оңай" карталарымен, оның ішінде "Оңай" қосымшасында QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейді. Жалпы, қоғамдық көлікті күніне 1,4 миллионға дейін адам пайдаланады”, – деп мәлім етті әкімдік.
Шенеуніктердің тарифтің өсуі жолдардың жай-күйін жақсартуға, автопаркті жаңартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.