«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы шілде айына арналған алдын ала құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Синоптиктердің болжамынша, шілде айында мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі:
Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха және Өскемен қалаларының маңында;
Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңа Семей ауданында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
Жамбыл облысының Қордай, Т. Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Мныа өңірлерде орташа ылғалды жағдайлар болжанып отыр:
Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.