×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бүгін – Абай күні

10.08.2023, 08:37
altaynews.kz

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына бүгін 178 жыл толды. Абай күніне орай бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп  хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абай күніне орай әнші Димаш Құдайберген ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, челлендж бастаған. Жұртшылық әншінің бастамасына үн қосып жатыр.

Абай күніне орай бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Абай күні Үкімет қаулысымен 2020 жылы – Абайдың 175 жылдығында белгіленген болатын. Содан бері жыл сайын 10 тамызда аталып өтеді.

Абайдың шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген есімді оған анасы Ұлжан қойған. Ақынды сөз өнеріне ерте баулыған ​​әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды.

Ақын тірісінде «мыңмен жалғыз алысқан» тұлға. Ағарту саласында ұлтқа еңбек сіңірген ойшыл. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, оның «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді.

Абай Құнанбайұлы 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жол ашты. 1886 жылға дейін өз шығармаларын Көкбай Жанатайұлы деген атпен жазған. Бұл адам – Абайдың жақын досы, әрі шәкірті болған. Ақынның ұлы Тұрағұл, Алаш партиясының мүшелері Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовқа баспана бергені үшін сотталып, жер аударылған. Абайдың құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар.

Бүгіге дейін ұлы ойшылдың туындылары 60-тан астам тілге аударылған.

Серіктес жаңалықтары