×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Коронавирустың жаңа штамы өршіді: Қазақстанда қандай шектеу енгізіледі

10.08.2023, 16:48
ainews.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен брифингте коронавирустың жаңа штамына байланысты елімізде шектеу шараларын енгізу ықтималдығы жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас санитардың сөзінше, наурыз айының соңында тіркелген омикронның Eris деп аталатын жаңа штамы бүкіл әлемнің 45 еліне тарап үлгерген.

«Кейінгі 5 аптада осы штамм өте тез тарады. Егер 5 апта бұрын оның омикрондағы жалпы үлесі 5% болса, қазір ол 12 пайызға жетті», - деді А. Есмағамбетова.

Оның сөзінше, бұл штамм жұқпалы болғанымен, оны науқастар жеңіл еңсеріп жатыр және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Коронавирустың барлық түрлері сияқты ол егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары барлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.

Десе де, шенділер жаңа штамға байланысты шектеу енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

«Қазір бұл туралы айту әлі ерте. Әзірге, қолда бар деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі аса ауыр болады деген ақпарат жоқ. Бұл штамм көп жағдайда жеңіл өтіп жатыр. Қауіп әлі де жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары барларға және қарт адамдарға ғана төніп тұр. Жалпы, карантин немесе шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған», - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын спикер еліміздегі балалар лагерінде анықталып жатқан заңсыздықтар неге қадағаланбағанын түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары