×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жамбыл облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

12.08.2023, 10:53
Ашық дереккөз

Жамбыл облысында төтенше жағдай жариялай мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы АШМ мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Суармалы жерлердегі су тапшылығы әсіресе Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас аудандарында, сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданында өткір сезіліп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, дәнді жүгері көп жерде күйіп кеткен, қант қызылшасы, көкөніс және бақша дақылдары аздап зардап шеккен. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі бүлінген егіс алқаптарын нақтылап жатыр.

Облыста аймақтағы климаттың өзгеруі нәтижесінде Шу және Талас өзендерінің арналарының жеткіліксіз толуына байланысты су тапшылығы орын алып отыр.

АШМ басшысы қазір өңірлік ауқымдағы ТЖ жариялау және Үкімет резервінен қаражат бөлу есебінен фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Бұдан басқа, субсидияларға қажеттілікті жабу және оларды төлеуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша борыштарды ұзарту және қайта құрылымдау мәселесі пысықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары