×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан, Ресей және Джерси аралы немесе Біздің елге офшорлар неге тартылды

14.08.2023, 08:29
Қазақстан, Ресей және Джерси аралы немесе Біздің елге офшорлар неге тартылды
REUTERS

Ресейлік Polymetal компаниясы Қазақстанда қайта тіркеліп, санкцияларды айналып өткені жайлы материал жарияланғаннан кейін Ulysmedia.kz күтпеген жерден «Астана» халықаралық қаржы орталығынан өз сұрауына жауап алды. Орталық қолданыстағы және жаңа санкцияларды мұқият қадағалап, санкциялық шаралардың сақталуына қатаң бақылау жүргізетініне кәміл сендірді. Бірнеше күн бойы редакциямыз қысымға ұшырады - бізге әуелі "Санкциядағы ресейлік Polymetal компаниясы Қазақстанда тіркелді" атты мақаланың тақырыбын өзгертуді өтінді, кейіннен талап етті. Сайтта мақала тақырыбы ақыры өзгермегендіктен, АХҚО неге Polymetal Қазақстанға көшірілгенін түсіндіруді жөн көрді.

Polymetal – бұл Ресейде емес, оффшорлық Джерси аралында тіркелген "Полиметалл" тобының бас компаниясы болып шықты. Орталықтың түсіндіруінше, Джерсидегі Polymetal International PLC санкцияға ұшырамаған. OFAC (Office of Foreign Assets Control) – АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасы оның иелерінің 50%-на қарсы шектеулер жариялаған жоқ. Демек, американдық резиденттер Polymetal-мен мәмілелер жасауға құқылы дейді АХҚО.

Халықаралық орталықтағылар Polymetal қазір Қазақстанда ағымдағы санкцияларға ұшырамаған активтерге иелік ететінін, сондықтан ешқандай бұзушылық жасамағанын алға тартып отыр. Олар сондай-ақ, Polymetal  редомициляциясы (яғни, ұйымдық-құқықтық мәртебесін сақтай отырып, заңды мекенжайды бір юрисдикциядан екіншісіне ауыстыру) Қазақстанға қор нарығын дамытуға, ірі шетелдік активтерді тартуға, салықтық түсімдерді ұлғайтуға, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.

Тұтастай алғанда, осындай ірі компанияны қайта құру АХҚО юрисдикциясының қаржы орталықтарының жоғары әлемдік стандарттарына сәйкестігін растайды, - деп сенеді халықаралық қаржы орталығы.

Санкцияларға байланысты Polymetal басшылығының ресейлік бөлімшеден кететіні шілдеде хабарланды. Ал біз АХҚО-дан бұрынғы ресейліктердіңтабысы қай елдің экономикасына жұмыс істейтіні туралы тағы бір түсініктеме күтеміз.