×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақмолада 1,6 млрд теңгенің орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарылды

14.08.2023, 09:43
Ақмолада 1,6 млрд теңгенің орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге  пайдалануға берілген орман қорының учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. 

“Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд. теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 663 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылған.