×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті шықты

Бүгін, 11:08
Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті шықты
Экология министрлігі

8 тамызда Қазақстанда үш орман өрті шықты. Оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысында, тағы бірі Алматы облысында тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтары дер кезінде анықталып, толық сөндірілген.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің әуеден патрульдеу кезінде байқалған. Осыдан кейін оқиға орнына орман шаруашылығы қызметкерлері, мемлекеттік орман күзеті және әуе десантының өрт сөндірушілері дереу жіберілген.

Өрт қаупі әлі де жоғары

Соған қарамастан, өңірлерде жаңа өрт шығу қаупі сақталып отыр. Бұған аптап ыстық пен найзағай себеп.

Орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ормандар әуеден де, жерден де тұрақты бақылауда.